$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Алматы өңірінде де дауыс беру белсенді жүріп жатыр

06.10.2024ж. 12:00
42
Алматы өңірінде де дауыс беру белсенді жүріп жатыр

Алматы өңірінде де дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Облыс орталығы Қонаев қаласында 30 учаске жұмыс істеп тұр. Қазір тілшіміз Жомарт Түзелбай бізбен тікелей байланысқа шығады. 

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Рақмет, Бекболат, мен қазір қаладағы №949 дауыс беру учаскесіндемін. Қонаевта барлығы 30 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап өз жұмыстарын толық атқаруда. Оның 4-і -жабық учаске. Облыс орталығында барлығы 44 451 сайлаушы болса, қазіргі уақытқа дейін оның 34%-ы өз таңдауын жасаған.

Сонымен қатар тұрғындар арасында ұлттық киіммен келгендер ерекше көзге түсті. Референдумға орай арнайы концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Жұрттың көңілі көтеріңкі.

 АЙДОС ЕСКЕЛДІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мінекей дәл қазір өзімнің дауысымды беріп келе жатырмын. Бұл енді әрбір азаматтың борышы деп ойлаймын.

Референдумге орай ретро көліктер шеруі ұйымдастырылды. Оның жүргізушілері де дауыс беру учаскелеріне келіп, ерекше назарға түсті. Жалпы халықтың белсенділігі өте жоғары.

ЕЛДАНА СМАЙЛОВА, №949 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы бүгінгі референдум өз дәрежесінде өтіп жатыр деп айтуға болады.Қазір келіп жатқан халық өте белсенді. Байқағаным көпшілігі жастар. 40 жасқа дейінгілер көптеп келіп жатыр.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Ел үшін ерекше маңызды күні халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта ақпараттармен бөлісіп отыратын боламын.