$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы референдумда дауыс берді

AstanaTV
06.10.2024ж. 12:30
288
"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы референдумда дауыс берді

Аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Дос-Мұқасан" ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін айтулы күн. Ел бірлігі біздің қолымызда. Мен референдумға келіп, елдің мүдделері мен азаматтардың әл-ауқатын басшылыққа ала отырып, өз таңдауымды жасадым. Бұл біздің еліміздің және біздің ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт", - деп атап өтті танымал композитор.

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.