Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақмола олысында 134 адам ішек инфекциясына шалдыққан

AstanaTV
21.04.2017ж. 20:00
2289
Ақмола олысында 134 адам ішек инфекциясына шалдыққан

Ақмола олысында 134 адам ішек инфекциясына шалдыққан. Барлығы Бозайғыр ауылының тұрғындары. Дәрігерлер тексере келе, қырық төрт науқастан өткір ішек инфекциясын анықтады. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау департменті бастығының орынбасары Айгүл Мусина айтты.

Тырысқаққа шалдыққандардың басым бөлігі - балалар. Бүгінгі күні 37 бала мен 7 ересек тіркелген. Қазір "Шортанды су" арнасы құбырларды тексеруге кірісті. Құдықтарды тазалау да жүріп жатыр. Мамандар еріген қар суы арқылы құдыққа лас су араласып кеткен болуы керек деп болжайды. Қазір ауылда балабақша жұмыс істемейді. Мектептерде ыстық тамаққа тиым салынды. СЭС мамандары тұрғындарды тек сатылатын немесе қайнаған су тұтынуға шақырады.

Айнагүл Мусина, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары:

Бір мезетте басталған соң барлық науқастар мұны сумен байланыстырып жатыр. Зертханалық сынама алынды. Бір екі күніде нәтижесі шығады. Нәтижесі шыққанша, профиликтикалық шараларды қолға алдық. Күнделікті әкімдік өкілдері, дәрігерлер, мұғалімдер тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ