Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде жергілікті депутаттар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған көптеген бастама көтеріп, оның орындалуына ықпал етті. Солардың бірі - ақтөбелік Мұқанбетпана Үмбеталы. Ол Шалқар аудандық мәслихатында ұзақ жылдар бойы депутат болған. Қазіргі күні ақсақалдың қызы Салтанат Дженалава да әкенің жолын қуып депутат болып, халық игілігі үшін қызмет етіп келеді.
Мұқанбетпана Өтежанұлы ауыл шаруашылығы саласының маманы. Еңбек жолын Шалқар ауданында инженерліктен бастаған. Ұзақ жылдар бойы сол ауданда табысты еңбек етіп, бірнеше шақырылым депутаты болған. Кейін аудандық тексеру комиссиясына төрағалық еткен. Депутат болған жылдары ауданның өзекті мәселелерін шешуге атсалысқан. Ауылдарға көгілдір отын тарту, жол салу секілді маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге мұрыңдық болды.
МҰҚАНБЕТПАНА ҮМБЕТӘЛІ, АРДАГЕР:
Мәслихат дегеніміз өзі өкілетті орган ғой. Ол атқарушы билікпен халықтың арасындағы дәнекер десекте болады. Халықтан сайланатын депутаттар екі ортадағы байланысты нығайтып соған жұмыс жасайды. Депутат дейтін ол мансап емес. Сондықтанда депутаттар бұрында да қазірде де халықпен екі ортада қызмет істейді.
Ардагердің қызы Салтанат кішкентай күнінде әкесінің депутаттық төсбелгісін тағып алады екен. Кейін әкенің ізін қуып халық қалаулысы болды. Бүгінде Астана қаласы мәслихатының 7 және 8 шақырылым депутаты. Салтанаттың негізгі мамандығы дәрігер. Ол ауыл аймақтағы медицинаны дамытуға зор үлес қосып келеді. Соңғы екі жылда еліміздің үш аумағында бірнеше емдеу мекемелерін ашқан. Қазіргі күні елордада «Аманат» партиясы жанындағы Әйелдер қанатын басқарады.
САЛТАНАТ ЖЕНАЛАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Қоянды ауылында алғаш рет біз медициналық орталығын ашқан болатынбыз. Ол медициналық орталық барлығы тегін. Сол бір өзімнің тармағым медицина қолжетімді болу үшін. Осы жылы шілдеде біз Жібек жолы ауылында да үлкен сондай медицина орталығын ашып, сол жерге де медицина қызметін көрсетіп жатырмыз. Ауылдық жердегі халықтың барлығы сол медициналық көмекті тегін алады.
Бұл отбасы төрт перзентті тәрбиелеп өсірген. Қазіргі күні Салтанаттың бауырлары облысқа белгілі кәсіпкерлер. Бүкіл облыс бойынша тасжол салып, елдің сенімін ақтап, мол алғысын арқалап жүрген жандар.
МАЙРА ҮМБЕТАЛИНА, ТҰРҒЫН:
Маслихат депутаттарының өзі бір елдің қалаулылары ғой. Сол елдің түйінді түйінді мәселелерін, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді, сұрақтарды шешу жолында қызмет етіп жатқан жандар ғой. Енді біз қуанамыз қуаныштымыз. Сондай балдарымыздың білім алып, Астананың төрінде елдің игілігіне жұмсап, оларда білімімен күш жігерін елге арнап жатқанына
Негізі 1994 жылдың 7 наурызы еліміз үшін тарихи күн. Сол күні «ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» заңына сәйкес сайлау өткізіліп, тұңғыш мәслихаттар институты құрылды. Содан бері халық қалаулылары түрлі деңгейде ел игілігі үшін еліміздің өркендеп,дамуы үшін қызмет етіп келеді.