Шымкенттегі ломбардтардың біріне қолында тапаншасы бар, бетіне бетперде таққан белгісіз тұлға баса-көктеп кіріп келіп, кассирден 100 мың теңге талап еткен. Осы кезде ломбард ішінде тұрған қос бозбала қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны залалсыздандырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бозбалар тәртіп сақшылары келгенше қаскөйді ұстап тұрған.
Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындады.