$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақмола облысында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, аударылды

AstanaTV
10.10.2024ж. 06:37
227
Ақмола облысында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, аударылды

 Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"9 қазан сағат 17-ден 40 минут өткенде Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығуына жол берілді. Құрбан болғандар жоқ. Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды".

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Оқиға орнына комиссия жіберілгені де нақтыланады.