Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанай облысының тұрғыны полицияға 19 ғасырда жасалған мылтықты тапсырды

AstanaTV
24.04.2017ж. 20:00
2049
Қостанай облысының тұрғыны полицияға 19 ғасырда жасалған мылтықты тапсырды

Ескі мылтықтың құны - елу мың теңге. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғыны көне қаруды полицейлерге тапсырып, осындай көлемде қаражат алды. Ол ескі мылтықты бұзылған үйден тауып алған екен. 19 ғасырда жасалған көне жәдігер енді Ішкі істер департаментінің мұражайына қойылмақ.

Абзал Болатов, Қостанай облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:

Мылтық 1863 жылы Ресейдегі Тула қару-жарақ зауытында жасалған. Көне  қаруды енді департаменттің музейіне жолдаймыз.

Қару акциясы аясында  аймақ  полицейлері 118 қару сатып алған. Өңір тұрғындары өз еркімен  жүзден аса тегіс ұңғылы және 14 шолақ мылтық тапсырыпты. Бұл шараға  биыл республикалық қазынадан 5 миллион 336 мың теңге бөлінген. Қазір қаражат түгел игерілді. Енді қару-жарақты тегін қабылдаймыз, - дейді тәртіп сақшылары.

Заңғар САНАЙ