Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Г.Әбдіқалықова әйгілі «Ла Скала» театрының басшысымен кездесті

AstanaTV
24.04.2017ж. 20:00
2401
Г.Әбдіқалықова әйгілі «Ла Скала» театрының басшысымен кездесті

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Қазақстанға әлемге әйгілі миландық «Ла Скала» театры толық құраммен келетін болды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың театр директорымен кездесуі барысында мәлім болды.

Кездесуде Гүлшара Наушақызы Қазақстан бүгінде терең әрі жүйелі жаңару кезеңінде екенін атап өтті. Сондықтан еліміздің рухани жаңғыруы аясында, тарихы терең театрды асыға күтетінін жасырмады. 

«Ла Скала» театрының директоры Астанаға келетін әр сапарын асыға күтеді екен. Және Елордамыздың "мәдени орда" ретінде қалыптасып келе жатқанына қуаныштымын деді.