$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Республикалық автожолдар қайта ашылды

AstanaTV
13.10.2024ж. 10:04
85
Республикалық автожолдар қайта ашылды

Республикалық автожолдар ашылды, деп хабарлайды Astana TV

Келесі жолдарда қозғалыс ашық:

1. Қарағанды облысы

- «Екатеринбург - Алматы» жолының 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлем ақы алу пункті учаскесі.

- «Қызылорда-Павлодар» жолының 967-1135 шақырымы, Қарағанды қ.- Павлодар облысының шекарасы учаскесі.

- «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» жолының 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. учаскесі.

2. Ақмола облысы

- «Екатеринбург - Алматы» жолының 1292-1353 шақырымы, Жібек жолы төлем ақы алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.

3. Павлодар облысы

- «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы - Шидері ауылы учаскесі.