$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет", - Қ. Тоқаев

"Заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет", - Қ. Тоқаев

Мемлекет басшысы Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласындағы жаңа өрт сөндіру бөліміне барды. Ғимарат жұмысы екі ай бұрын басталған. Сол уақыттан бері 200-ге жуық шақыртуға шығып, көмек көрсетті. Жаңа нысандағы өрт сөндірушілер Алматы ауданына қызмет көрсетеді. Мұнда 96 мыңнан аса тұрғын бар. Бөлім қызметкерлері «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті, Тәуелсіздік сарайы мен «Нұрлы жол» вокзалы сынды маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа ғимаратты аралаған Мемлекет басшысы мұндай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін айтты. Мұнан соң Президент жаңадан салынған жатақхананы аралады. Жаңа қонысқа жайғасқан өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады. Сондай-ақ жаңа өрт сөндіру бөліміне спорт жабдықтарын сыйға тартты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Баспана деген ең маңызды мәселе. Мен бәрін түсініп жатырмын. Жақында үлкен топан су болды бізде. Үлкен апат. Құтқарушылар жақсы жұмыс істеді. Жалпы мемлекет тарапынан жәрдем болады, әрқашанда.