$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Павлодарда шаруалар бюджеттен 500 млн теңге жымқырған

18.10.2024ж. 20:00
148
Павлодарда шаруалар бюджеттен  500 млн теңге жымқырған

Павлодарда фермерлер бюджеттен 500 млн. теңге жуық қаражатты жымқырған. Бұл туралы аймақтың прокуратурасы хабарлады. Айтуларынша, шаруалар ауыл шаруашылық техникаларын алуға бөлінген субсидия қаражатын қалталарына басқан. 2 фермер жалған құжаттар жасау арқылы 132 млн. теңгені жеке мақсатына жұмсаған. Ал 36 шаруа қожалығы 330 млн. теңге көлеміндегі субсидияны талан -таражға салыпты. Олар сатып алынған малды қайта сатып, кейбірін союға жіберіпті. Яғни, шаруалар мал басын көбейту міндетін орындамаған. 

ӘДІЛ ЖҰМАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРОКУРОРЫ:

Павлодар облысының прокуратурасы Ауыл шаруашылығы басқармасымен ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді субсидиялаудың заңдылығна тексеру жүргізді. Бұзушылық өтінімдерді қараудан субсидияларды бөлуден бастап оларды нақты пайдалануға дейінгі барлық кезеңдерде жол берілген. Анықталған заң бұзушылықты жою оның ішінде негізсіз төленген және пайдаланылған мемлекеттік преференцияларды өндіріп алу жолымен қалпына келтіру туралы облыс әкімінің атына ұсыну енгізілді.