$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

18.10.2024ж. 20:00
45
Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп алапат өрттің алдын алды. Түскі бірдің шамасында Қандыағаш қаласында жеке үй ауласындаға гараждан өрт шыққан. Қызыл жалын дереу көрші гаражды шарпыған. Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер уақтылы әрекет еткен. Олар жанып жатқан гараждан екі газ баллоны мен жанармай кұйылған канистрды алып шықты. Қазір өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр. 

НҰРБЕК ТІЛЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ТЖБ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ:

Оқиға орнына барған кезде гараждың өртеніп жатқаны және келесі гаражға ауысып жатқаны анықталды. Өрт екі сағат 10 минутта оқшауланды,2 сағат 30 минутта толығымен сөңдірілді. Өрт аумағы 25 шаршы метр. Оқиға барысында құтқарушылардың көмегімен гараждың ішінен екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.