$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

04.07.2026ж. 20:34
Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Inbusiness.kz

6 шілде күні Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматындағы мерекелік концерт өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Іс-шараға келушілердің қолайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында концерт өтетін күні «Астана Арена» стадионы маңында, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.