$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ

18.10.2024ж. 20:00
50
Егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ

Егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ. Жоғарғы кеңесте өте қызу пікір­та­лас жүрді. Депутаттардың алдында ше­­шілмеген сан мәселе тұрды. Егемен ел болудың мақсаты мен мәнін көрсететін маңызды құжат қалай қабылданды? Бекболат Сатуов қоғам қайраткерлерінен сұрады. 

Тағдыр шешті мәселе қаралған күнді ел ұмытбайды. Себебі декларацияны қабылдауға арналған жиын 18 сағат 55 минутқа жалғасқан. 360 депутаттың ішінен қарсы дауыс бергендер де болған. Соған қарамастан 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданған.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір жылдары осы мереке қажет емес тәуелсіздік күнімен қайталанады деп шешкен болатын. Бірақ тарихи әділеттілік болып, осы республика күні қайта халықтық деңгейде тойлатыла бастады. Ол дұрыс себебі атында тұрғой бұл республикалық масштабта тәуелсіздігімізді, егемендігімізді насихаттайтын күн.

Декларацияда елдің территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті мен демократиялық зайырлы бағдары және мемлекеттік рәміздері бекітілді. Зиялы қауым өкілі Сауытбек Абдрахманов декларациялық құжат арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – қазіргі Қазақстанның негізі қаланғанын тілге тиек етті.

САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙ­РАТКЕРІ:

Жер,су барлық байлықтарға ие екендігін мәлімдеді. Шекараның тұтастығын мәлімдеді. Соның ішінде Қазақстан тераториясында атом сынағын жүргізуге мүмкіндік берілмейтінін мәлімдеді. Айтқандай дәл сол декларация келесі жылы 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигонын жабуға заңды негіз болды.

Осылайша, ұлты, әлеуметтік тегі, қызметі, өңір­лік өкілдігі тұрғысынан әралуан депу­тат­тардан тұратын комиссия он тәулік бойына күніне екі рет отырыс өткізіп, әрбір ұсынысты қызыл кеңірдек болғанша талқылайды. Нәтижесінде, көбінесе дауыс екіге жарылып, көптеген бап 2-3 дауыс басымдығымен ғана мақұлданды. Сон­дықтан күн тәртібіне шығарылған дек­ларация сол кезде әбден пысықталған, жан-жақ­ты талқылаудан өткен құжат болатын.