$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Әскерге барудан 20 мың адам қашып жүр

AstanaTV
18.10.2024ж. 20:00
241
Әскерге барудан 20 мың адам қашып жүр

Әскерге барудан қашып жүр, 20 мың қазақ баласы. Бұл биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының деректері. Келген шақыртуды елемейтіндер көбейген. Амалдары қалмаған жастарды көшеден ұстап алып кетуде. Бірақ оған көпшілік наразылық білдіруде. 

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

Қазір күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Егер сіз Отан алдындағы борышыңызды өтемесеңіз, сізді де осылай алып кетеді.

Соңғы жылдары көшеде жүрген немесе ойын клубтарында отырған жас бозбалалардың қолын қайырып, алып кету трендке айналды. Әлеуметтік желілердегі видеоларды көрсек: «Қылмыскер ұстағандай алып кетті», - деп алаңдайтын адамдардың пікір қарша борайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Енді қауіпті ғой не десе де. Әлемжеттік жоқ дейді. Бірақ, оны біз нақты білмейміз. Мен өз балаларымды жібергім келмейді. Бірақ, бір жағынан баруы керек. Жақсы, қатаң тәртіп болуы керек.
- Енді дұрыс қой. Ешкім үйге табытпен оралғысы келмейді. Толықтай 100 пайыз камера орнатып, қауіпсіздікті жоғарылатса, одан кейін бір сый-сыяқы тағы бірдеңе берсе баруға болады.
- Менің ойымша, әрбір азамат барғаны дұрыс. Ананың, бауырдың қадірін түсінеді.

Десе де, Қорғаныс министрлігінің өкілдері Отан алдындағы борышын өтеуден қашатын жастар азайып бара жатқандығын алға тартуда. Бірақ, олар мүлдем жоқ деген сөз емес. Әкімшілік және қылмыстық жаза қаралған әрі түнгі рейдтер заңды екеніне назар аударуда.

ФАРХАТ АЙДАРБАЕВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы, көшедегі рейдтер заңның 30 бабына сәйкес қаралған. Әскери басқару органдары шақыру қағазын бере алмаған кезде, ол іс жергілікті ішкі істер органдарына тапсырылады. Ал енді компьютерлік клубтардағы, көшеде қашып жүрген балаларға қатысты осындай іс-шаралар қолданылады.

Айта кетейік, биыл әскер қатарына 40 мың адам шақыру көзделінген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл – адам санының көбейгеніне байланысты. Дегенмен, ведомство, Отан алдындағы борышын өтеуден жалтаратындар саны әр шақыру кезінде екі есе азайып жатқандығын айтуда.