$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жалған ақпарат берген - Депутат

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
3475
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жалған ақпарат берген - Депутат

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жалған ақпар берген. Мекеменің ресми сайтындағы инвестициялық табыс туралы мәлімет шындыққа жанаспайды". Бүгін мәжілісмендер осылай деп мәлімдеді.

2015 жылғы табыс 15,6 пайыз деп көрсетілген, ал шын мәнінде 10 пайыздан аспайды, - дейді депутаттар. Ақжолдықтар осы мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдады. Айтарлықтай мол табыс таппаса да, Зейнетақы қоры Ұлттық банкке 16 млрд теңге комиссия төлеген. Өткен жылы инфляция 8,5 пайыз болса, қорға 7,9 пайыз ғана кіріс кірген. Яғни шығынға жұмыс істеген. Басқарушы компанияларға 33,6 млрд сыйақы төлепті. 13,6 млрд теңге қордың әкімшілік шығындарына жұмсалған.

Екатерина Никитинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі:

Ең қауіптісі, Ұлттық банк пен Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығы инвестициялық саясатты өзгеруге құлықты емес. Осыған қарап, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын да осы проблемалар күтіп тұрғанын түсіну қиын емес. Мұндай қорлардың қаражаты бюджеттің жыртығын жамауға жұмсалады немесе лауазымды тұлғалардың бас пайдасына кетеді деп күдіктенуге негіз бар. Қазіргі болып жатқан жағдай қаржы құрылымдарына деген сенімді түбегейлі жоюға әкелуі мүмкін.