$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жұмыс топтары құрылады

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
3366
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жұмыс топтары құрылады

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылады. Бұл туралы Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен комиссияның алғашқы отырысында белгілі болды. Құрамына салалық мамандар, сарапшылар мен ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері кіреді.

Жиында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған бағыттарды іске асыру жолдары талқыланды. Жұмыс топтары бір айлық мерзімде қажетті ресурстық қамтамасыз етуді ескере отырып, іс-қимыл алгоритмін ұсынады. Ұлттық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Елдос САПАРҒАЛИ