«Әділет» партиясы төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасарлары қызметіне тағайындалды. Асхат Оралов бақылау, талдау және партия қызметін бағалау бағыттарына жетекшілік етеді. Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жауап береді. Ал Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму мәселелерін қадағалайды. Бұған дейін төраға орынбасарлары қызметіне коммуникация бағыты бойынша Әлия Адамбаева, идеология бойынша Ержан Жылқыбаев және цифрландыру мәселелері жөнінде Қаныш Төлеушин тағайындалған болатын.