$481.68 €522.48 ₽5
×

Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенді

AstanaTV
21.10.2024ж. 20:59
162
Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенді

Астанада жүк көлігі өртеніп, оған тиелген газ баллондары бір-бірлеп жарыла бастады. Салдарынан сол маңдағы үш жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, делінген Астана қалалық ТЖД-ның Telegram арнасында.

"Байқоңыр ауданында, Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі жанып, олар ыстық жалын салдарынан жарыла бастады. Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды. Сол маңда тұрған үш көлікке өрттен зақым келді".
Астана қалалық ТЖД

Өрт сөндірушілер сегіз көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17 газ баллонның 11-ін өрттен құтқара алды.