Алтын бағасы қымбаттаса да, оған сұраныс артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шілде-қыркүйек айларында екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбастау орындары жарты тоннаға жуық алтын сатты.
Бұл – 14 мың алтын құйма. Әсіресе, Алматы, Шымкент және Астана қалаларында қатты металлдың саудасы қызды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал алтын бағасы жыл басынан бері алтын 39,5%-ға қымбаттаған. Яғни, бір грамы 30 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өскен.