$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Мәйіттік донор: 8 айда 37 адамның тек 2-нің жақындары рұқсат берген

22.10.2024ж. 20:00
196
Мәйіттік донор: 8 айда  37 адамның тек 2-нің жақындары  рұқсат берген

Елдегі ең үлкен проблемалардың бірі ол - донор тапшылығы. Трансплантацияға жетпей жыл сайын 300-ден аса адам көз жұмады. Оның ішінде бүлдіршіндер де бар. Қоғамда мәйіттік донор туралы түсінік әлі қалыптаспаған. Бір ғана бүйрекке зәру 4 мың адамның 103-і бала . Оның барлығы уақытша ем алып жүр. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Аптасына 3 күн, 3 сағат қан айналымы жүйесін бүйрек аппаратына қосу дәл осы процедура арқылы Қазақстандағы 103 бала өмірін созып келеді. Бұндай балаларды көргенде жүрегің қарсы айрылады. Нағыз өлместің күні

4 жасар Аяжанның ауруханада ем алып жатқанына 1 жыл болды. Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан. Анасы қызына бүйрегін беруге әзір, алайда операция екеуінің де өмірі үшін қауіпті.

АЛЬМИРА АХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қатты іш ауруынан соқыр ішек деген күдікпен ауруханаға түстік. Диагностика нәтижесінде, онкологияға жібереді. Бірақ ол да табылмады. Ақыр соңында дәрігерлер екі бүйректі де алып тастау керектігін айтты. Қазір гемодиализдеміз. Сондай-ақ қан қысымы өте жоғары. 200 бен түскен болатынбыз.

Әлидің 2 келі салмақ қосуына 1 жылдан астам уақыт кеткен. Қазір жасы 3-те, салмағы небәрі 12 келі. Бұл дертке туа салсымен шалдыққан. Диализ әрбір 3 сағат сайын, күніне 8 рет қойылады. Шарасыз ана баласына осылай ғана көмектесуде

ЖАНАР СЫРМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қашан балам өседі деп осылай қарап отырамын. Баланың жалпы көңіл күйі бұзылады. Ананы жеме, мынаны жеме н деп шектей бергеннен кейін баланың уже психикасы да бұзылады. Ашуланшақ болады. Кіп кішкентай 3 жасар бала ғой. Қазір қой тиме десең уже секіріп жылайды.

Аяжан мен Әли сияқты жүзден астам бала күн сайын осылайша дертпен арпаласып жатыр. Жасанды бүйрек аппаратының көмегімен уақыт созуға тырысады. Бұл да бір үміт.

САЛТАНАТ САҒЫНДЫҚОВА, АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ «НЕФРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАЛИЗ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Гемодиализ дегеніміз аптасына 3 мезгіл болады. Әр ағзаға, әр науқасқа ол ерекше ем. Оңай емес әрине гемодиализ деген оның бір ерекшеліктері бар. Неғұрлым бала кішкентай салмағы аз болса қиындау болады. Дене аумағына есептеп науқасты гемодиализ ба пертиональды диализ ба таңдаймыз. Пертиональды диализ 24 сағат аптасына 7 күн.

Донор болуға екінің бірі келісім бермейді. Келіскен күнің өзінде қауіп жоғары. Осы ретте жалғыз шешім -мәйіттік трансплантация. Әрине ол науқастың туыстарының келісімімен жүргізіледі. Алайда бізде оған қатысты көзқарас әлі қалыптаспаған. 8 айда 37 адамның тек 2-нің жақындары рұқсат беріпті.

ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өкілетті органдардан осындай ұсыныс түсіп жатыр. Бізде призумция согласия болсын деген. Призумция согласия деген Құдай сақтасын адаммен бір нәрсе болып жатса. Сол трупный донорлыққа жол беріледі. Ала беріледі ешкімнен сұрамай. Бірақ мен ойлаймын ол қаншалықты дұрыс. Ол дұрыс емес. Оны қазір халықпен талқылау керек.

Шариғатта донорлыққа рұқсат бар. Ол үлкен сауапты дүние болып табылады дейді.

ЕЛБЕК ҚОЖАМҰРАТОВ, ҚМБД ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ол марқұмға ешқандай зияны жоқ. Әлбетте шарттары орындалуы керек. Мысалы: сол қайтыс болайын деп жатқан адамның келісімі керек. Қазір енді заң бекітілді, мысалы қарсымын демесең, сенің ризалығыңның белгісі болып есептеледі. Сол заңмен танысып, Екінші ол саудаға салынбауы керек және жыныстық мүше болмауы керек. Бір адамның өмірін сақтап қалсаң, құранда айтылғандай, бүкіл адамзаттың өмірін сақтап қалғандай сауапқа кенелесін деп есептейміз

Міне, жағдай осындай. Бүйректің қызметі бұзылған соң жанын шүберекке түйгендер басқа ағзалардың жұмысына осылай көмектеседі