$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Биыл елордаға 1 триллион 140 миллиард теңге инвестиция тартылды

22.10.2024ж. 20:00
73
Биыл елордаға 1 триллион 140 миллиард теңге инвестиция тартылды

Биыл елордаға 1 триллион 140 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Президент қабылдауында айтты. Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан. Сондай-ақ елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өтті. 1 миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр. 

15 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. 9 БІЛІМ ОШАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНДЫ

4 ЖАҢА ЖАТАҚХАНАҒА СТУДЕНТТЕР ОРНАЛАСТЫ

170-КЕ ЖУЫҚ АУЛА МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

70-ТЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

1 МЛН ТҮП АҒАШ ПЕН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЕГІЛЕДІ

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

9 айдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Мысалы, қалаға инвестиция тарту мәселесі бойынша көрсеткіш 20 пайызға былтырмен салыстырғанда өсіп жатыр. Және Президентке жылыту маусымы бойынша есеп бердім. Негізгі нысандар штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Қала қысқа дайын. Сонымен бірге Президент қаланы абаттандыру, көгалдандыру және әрі қарай негізгі нысандардың дамуы бойынша тапсырмаларын берді.