$522.49 €547.88 ₽5.06
×

3 минуттан артық құшақтасуға тыйым салды

22.10.2024ж. 20:00
510
3 минуттан артық құшақтасуға тыйым салды

3 минуттан артық құшақтасуға болмайды. Естімеген елде көп. Десе де Жаңа Зеландияның әуежайында осындай ереже бекітіліп, арнайы тыйым салу белгілері орнатылған. Аэропорт басшылығы шығарып салушылардың құшақтасу уақытына шектеу қойды. Оны елемегендерге айыппұл салынады. 

АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:

-Жолыңыз болсын, аман есен барыңыз. Ойбай, мынау қоңырау соғып жатыр. Барыңыз, қайтыңыз.
-Қайтқаны несі, әлі жарты сағат уақытымыз бар ғой?
-Жарты сағатты қойып, қазір мынау шығарып салушыларды 3 минуттан артық құшақтауға болмайды сыртта. Сіз кетпесеңіз қазір айыппұл салады сіз екеуімізге.
-Ааа, солай ма? Ой, қайдағы жоқ нәрсені шығарасыңдар.

Әрине, ондай бізде жоқ, бірақ 3 минуттан артық құшақтасуға болмайды деген ережені ойлап тапқан Данидин әуежайының басшылығы ондағы мақсат қауіпсіздік пен үздіксіз қозғалысты реттеу екенін айтты. Ол уақытты азсынатындар автотұрақты пайдалана алады дейді.

ДЭНИЭЛ ДЕ БОНО, ДАНИДИН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қону аймағында орын тапшы болғандықтан адамдар өздерінің сезімдеріне ұзақ уақыт жоғалтып, кедергі келтіреді. Құшақтасудың максималды уақыты - 3 минут. Негізі махаббат гормоны бөлініп, оның деңгейі көтерілу үшін 20 секунд жеткілікті.

Бұл шешімді бірі қолдаса, бірі адамгершілікке жат әрекет деді. Ал психологтар жолаушылардың сирек кездесетін сәттерінде қоштасуына кедергі келтірмеген жөн екенін айтты.

ЛИМАНА ҚОЙШИЕВА, ПСИХОЛОГ:

Кез келген адамның бір-біріне деген сүйіспеншілік, қарым-қатынас, сағыныш деген көңіл-күй ғой бәрі, эмоция. Асығыс жағдайда болатын болса ол толығымен шықпауы да мүмкін. Ол бір арман болып қалуы мүмкін. Өйткені қоштасу әсіресе көп жағдайда кейінге қалдырып жүреді. Одан кейін өкініш те қалып жатады. Көп жағдайда рақмет айту, ризашылығын білдіру деген секілді ше. Осындай жағдайда асығыстық жасаудың қажеті жоқ.

Әужайдың автотұрағында 15 минут тегін аялдауға болатындықтан сол жерде жақыныңызды дәл сондау уақытқа дейін құшақтауыңызға болады. Жол түсіп Жаңа Зеландияға барып жатсаңыз: әуежайда жақыныңызды 3 минуттан көп құшақтап қоймаңыз.