Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
2194
«Нұр Отан» партиясында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Соңғы 16 жылда елімізде жұмыссыздық екі есеге азайып, 13-тен 5 пайызға дейін төмендеген. Бұл туралы  «Нұр Отан» партиясында, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өткен жиында жетекші партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Абрарұлы мәлімдеді. Бұл Елбасы жүргізіп отырған әлеуметтік -экономикалық саясаттың тиімділігінің айқын дәлелі. Осы көрсеткіш бойынша біздің республикамыз  Еуропа одағын, Украинаны, Бразилия мен Ресейді басып озып, АҚШ пен Ұлыбритания деңгейіне жақындаған. Былтырдың өзінде елімізге 1 миллионға жуық еңбек иммигранты келген, алайда, елімізде 445 мыңға жуық адам жұмыссыздар қатарында.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасымыз елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Шет елдерден, республикалық бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар ашылып, инновациялық технологиялар енгізілуде. Енді біз халықты жаппай жұмыспен қамтамасыз етуге тиіспіз. Міне, нұротандықтардың алдағы уақытта Үкіметпен бірлесіп атқаратын жұмысының басты бағыты осындай болу керек.