$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Республика күні қарсаңында БҚО-да жаңа мектеп ашылды

24.10.2024ж. 20:00
63
Республика күні қарсаңында БҚО-да жаңа мектеп ашылды

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында жаңа мектеп ашылды . Жарсуат ауылындағы 108 оқушыға арналған білім ошағы заман талабына сай жабдықталған. Ауданда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы да ауылдықтардың қуанышын еселей түсті. 

70 жылдары салынған бұрынғы мектептің акт залы түгілі, асханасы жоқ еді. Ескі ғимаратқа сыймаған балалар бөлек оқитын. Осы қиындықтың бәрі артта қалғанына қуанған оқушылар сабақты жақсы оқуға жағдай жасалғанына дән риза.

ТАҢСҰЛУ СЕРІКҚЫЗЫ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

Бұрынғы мектебіміздің төбесі құлап, жарлары түсіп жатты. Ал қазір мына жаңа мектепте дұрыс жабдықталған. Бәрі бар.

Заман талабына сай жабдықталған мектепте 2 шеберхана, спорт залы, кітапхана, 70 орындық акт залы және 30 орындық асхана бар. Бүгінде өңірде Президент тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектеп салынып жатыр. Оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауыл мен қала арасындағы мектептердің білім сапасын бірдей деңгейге жеткізу, бұл - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ауылдық жерде осындай мектептер салу біз үшін үлкен мақсат және Мемлекет басшысының беріп отырған тапсырмаларының бірі.

Қажет жабдықпен жарақталған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы да ауылдықтардың қуанышын еселей түсті. Бұған дейін алысқа қатынап қиналған тұрғындар енді дәрігердің жақыннан табылғанына қуанышты. Биыл аудандардағы осындай емдеу мекемелеріне 6 жаңа арнайы көлік берілмек.