Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бірқатар мемлекеттің елшілері Президентке сенім грамоталарын табыс етті

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
3642
Бірқатар мемлекеттің елшілері Президентке сенім грамоталарын табыс етті

Израиль халқы қазастандықтарға қонақжайлылықтары үшін шексіз алғыс білдіреді. Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған Израиль елшісі Михаил Бродский осылай деді. Жаңадан тағайындалған елші Қазақстанда «Алғыс айту» күні  барынан хабардар. Осы орайда екінші дүниежүзілік соғысы кезінде мыңдаған еврейге пана болған қазақ халына өз елі атынан тағы бір мәрте ризашылығын білдірді.

Айта өтейік, бүгіннен бастап бірқатар мемлекеттердің елшілері дипломатиялық миссияларына кірісті. Атап айтқанда, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі әрі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, Өзбекстан, Әзербайжан, Таиланд корольдігінің өкілдері дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отыр. Елбасы олардың Қазақстандағы қызметтері еліміздің елеулі кезеңі - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында  басталғанын ерекеше атап, жұмыстарына табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті дипломат мырзалар, сөз соңында сіздерді Астанадағы дипломатиялық жұмыстарыңыздың басталуымен тағы да құттықтаймын. Сіздердің жұмысыңыз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екі жақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша арттыра түсуге бағытталады деп сенемін.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА