$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
1510
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Мойындарына алған міндеттерін орындамай отырған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы серіктестерін жауапкершілікке тарту керек. Тіпті активтерді мемлекет мүддесі үшін қайтару мүмкіндігін қарастырған жөн. Ақордада ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасы компания елдің маңызды активі саналатынын қадап айтты.

Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев әлеуметтік нысандардың жергілікті атқарушы органдар қарауына берілгенін, кәсіби бағдарға жатпайтын 11 кәсіпорынның бәсекелестік ортаға шығарылғанын баяндады. Және өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші кәсіпорындар кеңселері өндіріс орналасқан өңірлерге көшірілгені туралы да тілге тиек етті.

Трансформация бағдарламасы аясында қабылданған кешенді шаралар нәтижесі бойынша «Қазатомөнеркәсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткен. Ал компанияның экономикалық қосылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА