Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан 113 өтініш түскен

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
1690
Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан 113 өтініш түскен

Орталық сайлау комиссиясына 20 қаңтар мен 14 наурыз аралығында жеке және заңды тұлғалардан 113 өтініш түскен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов хабарлады. Өтініш иелеріне жауаптар берілген. Жетеуі қарау үшін тиісті органдарға жіберілген. Депутаттыққа кандидаттардың және жұбайларының табысы туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыс еместігі және мәслихат депутаттығына сайлану құқығын қалпына келтіру туралы 16 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданған.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Түскен өтініштердің 29-ы Мәжіліс депутаттарының сайлау науқанымен байланысты. Олардың ішінде тоғызы қоғамдық бірлестіктерден, 11 - жеке тұлғалардан, 8 - БАҚ-нан және біреуі облыстық сайлау комиссиясынан.

Естеріңізге салайық, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау наурыздың 20-сы, яғни осы жексенбіде өтеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ