$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді

AstanaTV
01.11.2024ж. 10:20
401
Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазылған хабарламада.