Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан медициналық сақтандыруға 80 млн доллар қарыз алады

AstanaTV
02.05.2017ж. 20:00
2747
Қазақстан медициналық сақтандыруға 80 млн доллар қарыз алады

Медициналық сақтандыруға Халықаралық даму және қайта құру банкінен алынатын 80 млн доллардың 14 миллионы халықаралық кеңесшілер тартуға жұмсамақ. Бүгін парламент қабырғасында өткен жиында белгілі болды. Бұл мамандар сақтандыруды сәтті іске асырған мемлекеттерден шақырылады. Ал қалған қаражат нақты қайда жаратылатыны белгісіз. Бұл бастаманы бірауыздан қолдағандар көп болды деу қиын. Мысалы, сенатор Әли Бектаев, сол мамандардың білім-біліктілігін жетілдіру сияқты мәселелерге мемлекеттің бюджеті де жетеді, неліктен қарыз алуға құмармыз, деп, ашығын айтты.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қаржыны алдық па қарызға, соны ертең кәсіпорындарға немесе кәсіпкерлерге беруіміз керек. Арзан пайызбенен, мысалы. Ертең кәсіпкерлер соны қайтарады. Ары қарай сыртқы қарызды да қайтаруға мүмкіндік болады. Ал мынау беріліп отырған қарыз, бұл қайтпайды.  Бұл ақша жаратылады. Болды.  

Бірақ аузы күйген үрлеп ішеді. Бұрынғы сәтсіз жобаны еске алған Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы бұдан сабақ алуымыз керек деді.

Болат Төкежанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ жауапты хатшысы:

Бұл өте күрделі жұмыс. Біздің тарапымыздан күшіміз жетпейді. Сондықтан шетелдік эксперттерді осы жұмысқа әкеліп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 90-шы жылдары міндетті медициналық сақтандыру қорының қандай болғанын. Белгілі себептермен ол әрі қарай жүрмей қалды. Сол кездегі кемшіліктерді болдырмау үшін, осындай дүниежүзілік тәжірибелерді дұрыстап қарап, жаңадан осы жүйелерді енгізейік деп отырмыз.