$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында соғыс жауынгерлерінің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

04.11.2024ж. 20:00
150
Ақмола облысында соғыс жауынгерлерінің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

Ақмола облысында соғыс жауынгерлерінің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды. Вандалдық әрекет Зеренді ауданында болған. Ол ескерткішті бояп, тақтайшаларын жұлып кетіп қалған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

АҒАРЫ НҮКЕНОВА, ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол, мойындау айғақтарын берді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 294 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән- жайлары анықталуда.

Елімізде вандализммен күрес шаралары үздіксіз жүргізіледі. Астанада жыл басынан бері 30 ға жуық акция өткен. Нәтижесінде бүлінген тарихи орындар мен ескерткіштер қайта қалпына келтірілді. Бұған аманаттықтар ерекше атсалысуда. 

ТҰРАБЕК АЛХАНОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаламыздың жаңа әдемі көрнекті жердерін сол вандализмнен сақтау мақсатында тазарту жұмыстарын атқарып отырамыз. Бүлінген ескерткіштер болды. Өздеріңіз білетін біздің жағажайда орналасқан Кенесары ханның ескерткіші болды. Соны вандализмнің алдын алу мақсатында тазарттық ескерткішті. Онымен қатар Атырау көпірі бар сол жерді тазарттық вандализмнен.