Алматы облысында қылмыстық топ басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды. Полиция мәліметінше, Қасымбаев 2021 жылы белгісіз азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасуда. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.