Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Керекуде құбырдың жарылуынан зақымданған кітаптың басым бөлігі қалыпқа келтірілді

AstanaTV
03.05.2017ж. 20:00
2237
Керекуде құбырдың жарылуынан зақымданған кітаптың басым бөлігі қалыпқа келтірілді

Керекуде жылу құбырының жарылуынан жарамсыз болып қалған кітаптардың басым бөлігі қалпына келтіріледі. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана өкілдерінің айтуынша, арнайы қорда кітаптардың дубликаттары сақтаулы.

Сәуірдің басында кітапхананың бір бөлігіндегі су құбыры жарылып, 5 мыңға жуық кітап судың астында қалған еді. Кітапханашылардың сөзінше, мұндағы сөрелерде 60 мыңға жуық кітап болған. Дені - қазіргі заманғы авторлардың шығармалары. Жарамсыз болып қалғандарының көбі - фантастикалық және детективтік туындылар. Мамандардың ақпарынша, кез келген кітап 3 данамен сатып алынады. Сондықтан алдағы уақытта жетіспей тұрған кітаптардың орны міндетті түрде толтырылмақ.

Облыстық кітапхана - өңірдегі ірі мәдени орталықтың бірі. Мекеменің жалпы кітап қоры 500 мыңнан асып жығылады. Орташа есеппен күніне 65-70 оқырманға қызмет көрсетіледі. Кейде көрсеткіш 120 адамға дейін жетеді,- дейді кітапханашылар.

Сәуле Жанкаринова, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім жетекшісі:

Бізде кітаптар сақталатын қор бар. Сонда судан жарамсыз болып қалған кітаптардың басым бөлігінің дубликаттары сақтаулы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, қалған кітаптардың есебін шығарамыз. Жетпей жатқандары болса, қордан алып, оқырманға ұсынатын боламыз.