Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадағы ломбардтар бір жыл ішінде аффинаж зауытына 110 келі алтын тапсырған

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
1950
Астанадағы ломбардтар бір жыл ішінде аффинаж зауытына 110 келі алтын тапсырған

«Тау-кен Алтын» аффинаж зауыты биыл Ұлттық банкке 14 тонна алтын құймасын тапсырады. Ол үшін шикізат жеткізетін 30 компаниямен келісімшарт жасалды. Бұл туралы зауыт директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлімдеді. Былтыр Астанадағы зауыт Ұлттық банкке 10 тонна алтын сатқан. Шикізат жеткілікті болса, зауыттың өндіріс қуаты жылына 70 тоннаға дейін жетеді. Сондықтан шикізат шет елден тартылып жатыр. Биыл Иран 2 тонна 200 кг, ал ресейлік кен орындары 1 тонна 200 кг алтын жеткізеді.

Ресейде 11 аффинаж зауыты бар. Бірақ қазақстандық зауытпен келісімшарт әлдеқайда тиімдірек, - дейді Мейрамғали Тілеужанов. Сондай-ақ, алтын қоры мол Бақыршық кен орны, яғни «Қызыл» жобасы бойынша, ресейліктер Астанамен келіссөз жасасқан.


Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры:

Биыл ресейлік «Полиметал» компаниясы Бақыршық алтын кен орынын сатып алды. Олар ең соңғы технологияны енгізіп жатыр. 2017 жылдан бастап «Полиметал» алтынды бізге жеткізуді мақсат тұтып отыр. 


Бір айта кетері, аффинаж зауыты биылдан бастап 1 грамнан 100 грамға дейін бұршақтай алтын құймаларын саудаға шығара бастайды. Оны зергерлер, немесе артық ақшасын алтынға айналдырғысы келетіндер Ұлттық банк арқылы сатып ала алады. Айта кетейік, Астанадағы аффинаж зауыты 2014 жылы іске қосылған. Осы аралықта кәсіпорынға қаладағы ломбардтар да біраз келі алтын тапсырып үлгеріпті.

Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-кен алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры:

Екі жылдың ішінде екінші жылы ломбардтар 110 келі алтын әкелді. Ал биыл біз одан да көп алтынға ломбардтардан үміттеніп отрымыз. Өйткені кризис та бар, халық сатып ала аламайды, ломбардқа тапсырып жатыр. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ