$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада автотұраққа ақы төлемегендерге 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған

Астанада автотұраққа ақы төлемегендерге 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған

Астанада 7216 ақылы автотұрақ бар. Жыл соңына дейін 10 000-ға жетеді. Бұған Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ашулы. Ол автотұрақтың кірісі жеке меншік компания үлесінде, дейді. Мәжілісмен 2018 жылдан 2022 жылға дейін ақылы автотұраққа төленген ақшаның 95 пайызы жеке серіктеске, тек 5 пайызы мемлекетке түскенін айтады. 2021-2024 жылдары тұрғындар автотұраққа 726 млн теңгеге жуық ақы төлесе, оның 617 млн теңгеден астамы жеке серіктестікке, тек 108 млн 680 мың теңгесі ғана қала бюджетіне түскен. Сондай-ақ осы уақыт аралығында ақы төлемегендерге 5 млрд 839 млн 114 мың теңге айыппұл салынған. Осы мәселеде мәжілісмен «халықтың қалтасындағы қаржыны опырып, оның бір бөлігін жеке компанияларға беру заңды ма?» деп депутаттық сауал жолдады. 

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын іскерлік аудардарда ғана қалдырып, қалғанын қысқарту керек. Тұрғын үйлер мен саябақтардың аумағында ақылы тұрақ болмауы керек. Екінші, ақылы көлік тұрақтарын қадағалайтын мемлекеттік операторды құру керек. Оған дейін мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі туралы шарттардың талаптарын қайта қарап, жекеменшік компанияға тұрақ аумағын күтіп ұстау, жолын жөндеу қызметін жүктеу керек. Үшінші, ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын кемі 30 минутқа жеткізу керек.

Депутат бұдан бөлек бейнебақылау камералары арқылы салынатын айыппұлдарды кемі 2 есе азайтуды ұсынды. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын қоятын, бақылайтын мемлекеттік оператор құру керек деді. Ал оған дейін Оған дейін мемлекет пен жеке меншік компания арасындағы қазіргі шартты қайта қарау керек кенін айтты.