$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Ақтөбе сапасыз үйлер салған мердігерге қатысты сот үкімі шықты

06.11.2024ж. 20:00
156
Ақтөбе сапасыз үйлер салған мердігерге қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен сапасыз үйлер салған құрылыс компаниясына қатысты сот үкімі шықты. Мердігер мекеме басшыларымен қатар техникалық қадағалау компаниясының инженерлері де жауапқа тартылды. Олар 10 жылға дейін құрылыспен айналысу құқығынан айырылады. Сотталушылардың мүлкі тәркіленді. Еске салайық, 2018 жылы Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі “Машат” серіктестігімен 24 пәтерлі екі үй салуға келісім шартқа отырады. Жоба құны -337 млн теңге.Кейін құрылысқа “ Агро сервис” мердігер мекемесі кіріседі. Алайда, 2019 жылдың қазан айында қолданысқа берілген №39 және № 40үйлер көп ұзамай сыр береді. Үйлердің іргетасы қақ айырылып, сөгіле бастаған. Сараптама нысанды апатты жағдайда деп танып, бұзу туралы шешім шығарған.

ЕРБОЛ ӘБДІҚАЛЫҚОВ, № 2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Суд приговорил Жанпеисова Фазыл Илиясовича признать виновным...

Сот үкім етті. Жанпеисов Фазыл Илиясовичті жоғарыда атылған қылмысты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған түпкілікті өтеуге 6 жылға бас бостандығынан айырып, 10 жыл мерзімге құрылыспен айналысуға шектеу қойылсын.

Тағы бір мердігер мекеме басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі техникалық қадағалау мекемесінің инженерлері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың барлығы сот залынан қамауға алынды. Бұл сот процесінде қалалық тұрғын үй қатынастар бөлімі жәбірленуші болып танылды. Апатты деп танылған үй тұрығндарына әкімдік тарапынан басқа баспана берілді. 

МАДИЯР ҚАБЫЛ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Апатты деп танылған үйлердің иелеріне әкімдік тарапынан басқа тұрғын үймен қамтамасыз етілген болатын және ауыстыру келісімшарты негізінде апатты үйлер үкімет меншігіне яғни бөлімнің тенгеріміне қабылданды. Ендігі кезекте сот шешіміне сәйкес барлық шығындар бөлімге өтелетін болады. Болашақта апатты үйлерді біздер Ақтөбе қаласы құрылыс бөлімінің тенгеріміне беріп, демонтаж жұмыстары жүзеге асырылатын болады.