$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің шекті мөлшерін бекіту мәселесі талқыланды

Астанада ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің шекті мөлшерін бекіту мәселесі талқыланды

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары жерді жалға берудің шекті мөлшерін талқылады. Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Былтыр ел азаматтары мен заңды тұлғаларға фермерлік шаруаларын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берудің шекті мерзімін белгілеу бойынша қаулы бекітілген болатын. Депутат Нұржан Әшімбаев қазір жерін ұзартуға қатысты тауар өндірушілер бірқатар қиындыққа тап болғанын айтады. Кеңес төрағасы мәселе ел экономикасына да айтарлықтай әсер етіп жатқанын жеткізді. 

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көбінесе ірі шаруашылықтар, олар қазір мәселелер көтеріп жатыр. Көптеген инвестиция құйған. Инфраструктура жасаған. Ауылға көмек жасайтын ірі шаруашылықтар оларға жер учаскелер әріқарай мерзімін жалғастырмайды. Барлық жерде өңірлермен, фермерлермен ақылдасамыз. Егер осы қаулыны өзгерту керек болатын болса, біз Үкіметке ұсыныс жасаймыз.