Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы қысқаратын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіткен. Бірақ оның бүге-шүгесі айтылмады.
Ата-аналардан
ұсыныстар жарты жыл бойы қабылданған. Үй тапсырмасын жеңілдету мәселесі
мектептерде де талқыланыпты. Ал ресми
веб-сайттар арқылы ұсыныстарға дауыс беру жүргізілген. Білім және ғылым
министрлігі таратқан хабарламада: "Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың
оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда
үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз", - делінген.