$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Биткоин бағасы қымбаттап, тарихи рекорд орнатты

AstanaTV
12.11.2024ж. 10:51
Биткоин бағасы қымбаттап, тарихи рекорд орнатты

Биткоин криптовалютасының (BTC) құны 84 мың доллардан асып, тарихи рекордты тағы жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, бір күн ішінде биткоин құны 5,7%-ға өсіп, Астана уақытымен 21:00-де 84,4 мың долларды құрады.

Бұған дейін биткоин бағамы алғаш рет 80 000 доллардан асып, рекордтық 80 071,17 долларға жеткенін хабарлаған едік.

Бағаның күрт өсуіне АҚШ-тағы президенттік сайлау кезінде криптовалютаға қызығушылықтың артуы себеп болған.