Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Эйр Астана» IPO-ға келесі жылы шілдеде шығарылады

AstanaTV
30.05.2017ж. 20:00
2410
«Эйр Астана» IPO-ға келесі жылы шілдеде шығарылады

«Эйр Астана» IPO-ға келесі жылы шілдеде шығарылады. Бұл туралы әуе тасымалдаушы компания президенті Питер Фостер мәлімдеді. Оның айтуынша, компанияның құнды қағаздары Лондон мен Астана биржаларына қатар шығады.

Еске салайық, жекешелендіру аясында "Самұрық-Қазына" өзіне тиесілі акция бөлігін сататынын мәлімдеген. Оны тек отандық инвесторға сатуды көздейді. Дегенмен, Фостер акцияның белгілі бір бөлігі сатылған күннің өзінде, қазіргі қос акционер үлесте де қалады, деп есептейді.

Питер Фостер, «Эйр Астана» ҰӘТ президенті:

Қос компаня арасында нақты келісім бар. IPO шығатын мерзімді  2018 жылы үшінші тоқсанның басына белгілеп отырмыз.

Ал, қозғалтқышынан ақау шығып, жолаушыларды біраз дүрліктірген "ЭйрБас А32 нью" ұшағына қатысты техникалық тексеру 2018 жылдың соңына аяқталады. Десе де, әуе лайнері әлі қолданыста. Ұшақтың бүлінуі әлемдегі бірнеше әуе компаниясын әуре-сарсаңға салды. Айтпақшы, әуе керосины мамырда 10%-ға қымбаттаған. Сондықтан билеттер құны әзірге төмендемейді.

Питер Фостер, «Эйр Астана» ҰӘТ президенті:

Әлем бойынша отын бағасы мамырда орта есеппен 3-пайзыға өсті. Ал Қазақстанда 10 пайызға. Сондықтан бағаның өсу тенденциясы жатыр.