Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бірнеше мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері Президентке сенім грамоталарын тапсырды

AstanaTV
30.05.2017ж. 20:00
2832
Бірнеше мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері Президентке сенім грамоталарын тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада өткен салтанатты шарада Оңтүстік Корея елшісі Ким Дэ Сик, Индонезия елшісі Рахмат Прамоно, Румыния елшісі Чезар-Маноле Армяну мен Сербия елшісі Владан Матич мемлекет басшысына сенім грамотасын табыс етті. Өз кезегінде Президент дипломаттарды жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтады. Мемлекет басшысы, Қазақстанның негізгі бағыты - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігін, баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз жаңарудың, өрлеудің екінші кезеңіне түстік. Сондықтан мен "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" атты жаңа бағдарламаны жарияладым. Екіншіден, еліміздің индустриялық бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Біз кенге бай еліміз. Дегенмен, альтернативті экономика жасау үшін, жаңадан индустрия құрудамыз. Үшіншіден, "Рухани жаңғыру" аясында жастарды заман талабына сай тәрбиелеуді жүзеге асырудамыз.