Павлодарда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкінділігі шектеулі балалар арасында спорт фестивалі өтті. Жарысқа 3-5 және 5-8 сыныптарда оқитын оқушылар қатысты. Мақсат- жарымжан балалардың қоғамда сау балалармен тең дәрежеде жарысуына мүмкіндік беру. Жарыс екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде балалардың жылдамдығы тексеріледі. Жылдамдыққа жүгіруден бақ сынайды. Екінші кезеңде мүмкіндігі шектеулі балалар спорттағы өз өнерлерін көрсетеді. Жеңімпаз атанғандар Астана қаласында өтетін сайысқа жолдама алады.
МИРАС БЕЙСЕНБАЙ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Мен мұнда «боча» ойынын ойнауға келдім. Жарыста 1-орын алу мақсатымыз бар. Сыныптастарыммен бірге жеңіске жетемін деген сенімдеміз.
АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бүгінгі қатысып жатқан балалар командасы туралы айта кетсек. Бір команданың құрамы үш бала екеуі жай мектептің баласы болса, үшіншісі инклюзивті балалар қатысып жатыр. Ең басты талап осы. Әр түрлі санаттағы балалардың бір болып, бір команда ретінде дос ретінде бір сыныптағы балаларды ұйымдастырып, қатыстыру.