$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет инклюзивті спорт фестивалі өтті

21.11.2024ж. 20:00
130
Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет инклюзивті спорт фестивалі өтті

"Кедергісіз келешек". Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жеңіл атлетика және «Бочча» доп ойынынан өткен жарысқа аймақтың түкпір-түкпірінен 30 командадан тұратын 75 бала қатысты. Оларға көрермендер мен жанкүйерлер ерекше қолдау көрсетті. Байқаудың өтуіне «АМАNАТ» партиясы мұрындық болды. Ұйымдастырушылар шараның басты мақсаты – ерекше балаларды қоғамға бейімдеу және оларға қолдау көрсету дейді. Сондай-ақ республикалық жарыстарға облыстан құрама жасақтау. 

КИРИЛЛ КАТУНИН, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Волейбол ойнағаныма 2-3 жыл болды. Жеңіске жету үшін барымызды салудамыз. Жүлделі орынды иеленеміз деген ойдамыз.

ЗАРИНА ҚАМАСОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға дені сау балалармен тең дәрежеде өнер көрсетуге мүмкіндік береміз. "Кедергісіз келешек" атты партияның осы жобасы арқылы өздерін ешбір кемшіліксіз, барлық балаларға қоғамда бәрі бірдей тең екендерің көрсетеміз. Ал жеңімпаздар облысымыздың атынан республикаға аттанады.