$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қызылжарда “ЗИКСТО” зауытының акционерлері жер сипап қалғандарын айтып дабыл қағып отыр

26.11.2024ж. 20:00
73
Қызылжарда “ЗИКСТО” зауытының акционерлері жер сипап қалғандарын айтып дабыл қағып отыр

Қызылжарда “ЗИКСТО” зауытының акционерлері жер сипап қалғандарын айтып дабыл қағып отыр. 1996 жылы жекешелендіру науқаны кезінде өндіріс ошағының 4700 жұмысшысы зауыттың акциясына ие болды. Тіпті 2017 жылға дейін аталған құнды қағаз үшін кішігірім дивиденд алып келген. Ал жуырда, дивиденд түгілі, акциясыз қалғанын естіген. Айтуларынша, компанияның жаңа басшылары ЗИКСТО зауытын 91 миллион теңгеге бағалап, оны акционерлерден құпия түрде сатып алған. Ал әр акцияның құнын небары 16 теңгеге бағалапты. 

РАФАЭЛЬ ХАСАНОВ, ЗАУЫТТЫҢ АКЦИОНЕРІ:

Қазір 86 акция бар бізде. Жвлда осында келіп көп болмаса да, ақша алдық кассадан дивиденд. Бір жеті жылдай мүлдем алмадық.

НИКОЛАЙ ЖИЦКИЙ, ЗАУЫТТЫҢ АКЦИОНЕРІ:

Мен бұл зауытта 34 жыл жұмыс істедім. Өмірімнің жартысы осында өтті. Сол үшін 24 акция алдым. Енді бақыр тиынсыз қалдым. Бізден бұл акцияларды 16 теңгеден сатып алған екен. Бірақ кім сатып алды? Қалай сатып алды? Ол ақша қайда жатыр? Бәрі белгісіз. Зауыт өкілдері бізді лақтырып кетті.

Вагон құрастырумен айналысатын зауыттың меншігінде 30 алып ғимарат пен 42 гектар жер телімі бар. Жұрт өндіріс ошағы тым арзанға сатылды деп отыр. Енді олар сотқа жүгінуді жоспарлауда. Ал зауыттың өкілдері болса сұхбат беруден бас тартты.