Бірқатар аймақта қар жауып, жел күшейеді. Шығыс пен орталықта қалың қар күтіледі, деп хабарлайды Astana TV «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан республика бойынша жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ болып, бұрқасын соғады.
Өңірлер бойынша болжам:
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары: жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысы: қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары: қар жауып, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысы: қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысы: қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні кей жерлерде 15–20 метрге жетеді.
Қарағанды, Ұлытау облыстары: қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ пен тұман күтіледі.
Абай облысы: қалың қар жауып, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысы: қар жауып, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін.
Қызылорда облысы: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
Түркістан облысы: жаңбыр мен қар жауады. Таулы аудандарда тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл облысы: жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Таулы аймақтарда тұман күтіледі.
Алматы облысы: жауын-шашын болып, таулы аудандарда қар жауады. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.
Жетісу облысы: қар жауып, таулы аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі.