$458.13 €502.29 ₽5.58

Қазақстан төрағалық еткен кезеңде Халықаралық Аралды құтқару қоры $170 млн-ға жуық гранттық қаржы тартты

Қазақстан төрағалық еткен кезеңде Халықаралық Аралды құтқару қоры $170 млн-ға жуық гранттық қаржы тартты
ortcom.kz

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының отырысы өтті, деп хабарлайды Astana TV.

ХАҚҚ басқармасының отырысында Қазақстанның 2024-2026 жылдардағы төрағалығы кезеңінде Қордың Атқарушы комитеті жүргізген жұмыс қорытындылары қаралды. Осы кезеңде жұмыс он бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, даму жөніндегі әріптестерден, оның ішінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға бағытталған өңірлік ынтымақтастық жобасы (CAWEC) бойынша $20 млн, REMIT бағдарламасы аясында $145,2 млн және Француз даму агенттігінің жобалары бойынша 2 млн еуро көлемінде гранттық қаржы тартылды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен 13 меморандум мен келісім жасалды.