$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Сенат депутаттығына үміткерлер кімдер?

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
2501
Сенат депутаттығына үміткерлер кімдер?

28 маусымда Сенат сайлауы өтеді. Үміткерлер 7 маусымға дейін тіркелуі тиіс. Әзірге өзін-өзі ұсынған азаматтардың аты-жөні белгілі болды.

Солардың бірі - Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев. 52 жастағы шаһар басшысымен бірге тағы екі адам сайлауда бағын сынауға бел байлапты. Олардың бірі - кәсіпкер, ал екіншісі - колледж директоры. Жалпы сенаторлықтан үміткерлердің арасында шенеуніктер мен кәсіпкерлер, ғылым мен өнер саласының қайраткерлері, күштік құрылымдардың өкілдері мен Сенаттың қазіргі депутаттары да бар.

Жанна Асанова, Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрайымы:

28 мамырға дейін кандидаттарға уақыт бар. Құжаттарды қабылдаудамыз. Күнде Алматы қалалық сайлау комиссиясы қызметін атқаруда. Ал 28 мамыр күні құжат қабылдау аяқталып, 7 маусымға дейін тіркелу жалғасады. Содан кейін кандидаттар өздерінің үгіт-насихат науқанына көшеді.