$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Елімізде есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

27.11.2024ж. 20:00
85
Елімізде есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Енді елімізде есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Депутаттар заңды екінші оқылымда қабылдап, сенатқа жіберді. Ал лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып осындай әрекетке барса 15 жылдан 20 жылға дейін абақтыға қамалады. Бұдан бөлек күшті әсер ететін заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. 

ДМИТРИЙ КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткіні сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген. Бұрын бес жылдан он жылға дейін сотталатын. Ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін 6 жылдан 10 жылға дейін (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.