Батыс Қазақстан облысында автокөлік ер адамды қағып кетті, - деп жазды KAZINFORM.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 қараша күні шамамен сағат 20.10-да Орал-Бузулук жолының 1-шақырымында болды.
«Жүргізуші Hyundai Tucson автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жолдың осы бөлігі қараңғы, жарықтандырылмаған. Өткен жылы күзде де осындай оқиға болып, ер адам көз жұмған.