Үшінші сәбиін өмірге әкелген блогер Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Енді біз бесеу болдық", - деп жазды блогер.
Желі оқырмандары оны құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ақ құрдас, жеңілдеуіңмен", "Аллаһым өмірімен берсін", – деп жазды желі қолданушылары.